• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Астанада тұрғын үй алаптарын дамытудың үшжылдық жоспары әзірленеді

23 тамыз, 17:36254
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй алаптарын дамытудың 2022 жылға дейін кешенді жоспары әзірленетін болады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елорданың маңындағы тұрғын үй алаптарын дамытуға биыл 7,5 млрд теңге бөлінді. Тек қана Ильинка елдімекенінің өзіне 2 млрд 300 млн теңге бөлініп отыр. Одан бөлек, Сарыарқа ауданындағы Көктал-1, Көктал -2 бар және басқа аудандарға қарасты тұрғын үй алаптары жоспарда бар. Ол қаражат сол жерлердің инфрақұрылымы мен халыққа қажетті әлеуметтік нысандар салынуға жұмсалады. Жұмыс кезеңмен жүргізіледі, мысалы биыл жол салынса, келесі жылы мектеп және аурухана тұрғызылады. Айта кету керек, біз бұл үшжылдық жоспарға халықты бірінші мазалайтын мәселелерді енгізетін боламыз», - деді А.Көлгінов қоғамдық тыңдаудан соң журналистерге берген сұхбатында.

Бұған дейін елорда әкімі ескі үйлердің тұрғындарына жаңа баспана беруге қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар, А. Көлгінов бас қаламыздың көшелерін су басуымен қалай күресетінін айтып берген болатын.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх