Астаналық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

10 қыркүйек, 10:1763
Автор: Elorda Aqparat
Фото: bilim.astana.kz Фото: bilim.astana.kz

Нұр-Сұлтан қаласының командасы IV Халықаралық мегаполистер олимпиадасына қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласында 1-6 қыркүйек аралығында IV Халықаралық мегаполистер олимпиадасы өтті. Биылғы оқу жылында қатысушылар географиясы айтарлықтай кеңейді. Әлемнің 45 ірі мегаполисі өз командаларын ұсынды. Медаль үшін күрес өте қиын болды және үлкен дайындықты талап етті. Нұр-Сұлтан қаласының намысы 8 оқушыдан құралған команда қорғады.

Әр санатта (математика, информатика, физика және химия) – 2 қатысушыдан. Блиц-турнирде біздің команда екі орынға ие болып, олимпиаданың құрмет кубогымен марапатталды. Жеке есепте қатысушылар бір күміс және бес қола медальмен марапатталды.

Данат Дүйсенбеков, «Білім инновация» дарынды ер балаларға арналған лицей-интернат (БИЛ), 11-сынып, математикадан күміс медаль;
Марлен Раушанов, БИЛ, 10-сынып, математикадан қола медаль;
Ернар Сардар, БИЛ, 10-сынып, физика пәнінен қола медаль;
Темірлан Таубаев, «NURORDA» мектеп-лицейі, 10-сынып, химия пәнінен қола медаль;
Алмас Төкенов, БИЛ, 10-сынып, химия пәнінен қола медаль;
Едіге Әшірбек, «NURORDA» мектеп-лицейі, 9-сынып, информатикадан қола медаль.




Наверх