• USD 379.8
  • EUR 431.7

Қоғам

Астаналық оқушы қомақты қаржысы бар әмиянды қайтарып берді

10 қаңтар, 13:15157
Автор: Elorda Aqparat
Сурет Астана қаласының полиция департаментінен алынды Сурет Астана қаласының полиция департаментінен алынды

Әмиянның иесі Илья мен оның ата-анасына алғыс білдірді, деп хабарлайды Елода Инфо Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Елордалық №28 орта мектептің 11-сынып оқушысы Илья Шавиков 8 қаңтарда Кенесары көшесінің бойымен кетіп бара жатып, ішінде банк картасы және 112 мың теңге сомасындағы қаржысы бар әмиян тауып алған. Оқушының айтуынша, оның өзі де, ата-анасы да әлеуметтік желілерден Полиция департаменті Табылған заттар бюросының жұмысы туралы хабарландыруларды үнемі көріп жүрген және табылған затты қайтарып беру үшін сол жерге жүгінуді шешкен. 

9 қаңтарда Астана қаласы ПД Табылған заттар бюросы жүргізілген тексерістен кейін жоғалған әмиянның иесін анықталды. Әмиянын жоғалтқан қызға Илья Шавиков тауып алған ақшасы мен банк карточкасы бар әмиянын табыс етті.

Әмиянның иесі Ильяға және оның ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ полицейлер де Илья Шавиковқа белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты.



 Подпишись в Telegram Еlorda Aqparat 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх