• USD 382
  • EUR 433

Қоғам

Астаналық нефролог мамандар бүйрек ауруының көбеюіне алаңдаулы

15 наурыз, 17:3937
Автор: Elorda Aqparat
ашық интернет көзінен алынды ашық интернет көзінен алынды

Қалалық №1 ауруханасында халықаралық бүйрек күніне арналған конференция өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Жыл сайын дүниежүзілік бүйрек күні аталып өтіледі. Ол дәстүр бізде де бар. Аталған шараның биыл «бар жерде және бәрі үшін сау бүйрек» атты ұранмен өтіп жатыр. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде бүйректі сақтау мен оны күту және бүйрек ауруына шалдыққан адамдарға кеңес беру секілді шаралар көптеп ұйымдастырылады. Осы бағытта арнайы халықаралық сайт жұмыс істейді, сол сайтқа барлық елдер бүйрек күніне орайластырып өткізген іс-шараларын жариялайды. Осы жылы сол сайтқа бізде Астанада өткізген скринингтік зерттеуімізді жібердік. Жалпы бұндай шараның мақсаты халықты бүйрек ауруларынан қорғануға, бүйрегі ауыратын адамдарға оны уақытында емдеу керектігін жеткізу, оларға қажетті кеңестер беру», - деді Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас нефрологі Думан Төребеков.

Нефролог маманының айтуынша, бүгінде елімізде созылмалы бүйрек ауруына ұшырағандар саны жыл санап өсіп келеді және оған әкеп соғатын әртүрлі себептер бар.

«Салауатты өмір салтын ұстамау, дұрыс тамақтанбау, семіздік және уақытылы тексеруден өтпеу соңы бүйрекке салмақ түсіріп оның жұмысының әлсізденуіне әкеп соғады. Біз осы мақсатта биыл алғаш рет қаладағы № 62 мектеп-лицейде мұғалімдер арасында бүйрек скринингін жасау бойынша зерттеу жүргіздік. Зерттеуге 102 адам қатысты және нәтижесі қуантарлық емес», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бүйрек ауруына қарсы скрининг жасау акциясына астаналық ұстаздар белсенді қатысты және әр акция қатысушысына өз бүйрегінің жағдай туралы жеке-жеке кеңес берілді.

«Акцияға қатысқан 102 адамды пайызға шақсақ 44% бүйрегінде кінәрат жоқ, ал 56%-да бүйректен проблема бар. Нақты айтқанда созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан, яғни 1 және 3 деңгейдегі бүйрек ауруына жатады. Сондықтанда бүгін осы сала мамандарының басын жинап, яғни қаладағы барлық емхана және аурухана дәрігерлерінің қатысуымен концеренция өткізудеміз. Бұл жерде біз бүйрік ауруының алдын алу, пациентті емдеуде өзара тәжірибе алмасу мақсатында жиналып отырмыз», -деді Д.Төребеков.

Сондай-ақ, айтулы шараға Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Стационарлық көмек бөлімінің бас маманы Желеухан Пірімқұлов қатысты.

«Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын дүниежүзінде 850 млн адам бүйрек ауруына шалдығады екен. Оның ішінде 2 млн 40 мың адам аталған аурудан қайтыс болады. Біздің дәрігер ретіндегі басты мақсатымыз осы көрсеткішті азайту. Дәрігер ретіндегі біздің міндетіміз алдымызға келген пациентті тек бүйрегін ғана емес, жалпы денсаулығын күтіп ұстау керектігін айтып отыруымыз керек», - деді ол.  

Айта кетсек, бүгін Астанадағы №1 қалалық ауруханада «Нефрологияның түйінді проблемалары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.



 Подпишись в Telegram Еlorda Aqparat 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх