• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Астаналық компания Terra Drone корпорациясының серіктесі атанды

18 шiлде, 14:4786

Жапонияның Terra Drone корпорациясы Орта Азиядағы серіктесі ретінде ұшқышсыз технологиялар саласындағы қазақстандық KazUAV компаниясымен келісімге келді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Terra Drone корпорациясы – құрамында технологиялық 25 компания бар, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көмегімен бүкіл әлем елдеріне экономикалық жағынан тиімді қызмет түрлерін көрсететін жетекші кәсіпорын.

Аталған корпорация желісіне мүше болған KazUAV компаниясы енді Қазақстан экономикасының барлық секторы үшін ұшқышсыз технология жүйесін қолдану арқылы өндірістік мәселелерді шешпек.

2016 жылдан бері Қазақстан аумағында ұшқышсыз авиация саласы бойынша жұмыс жүргізіп келе жатқан елордалық KazUAV компаниясы осыған дейін 6 әуежай мен еліміздің 4 млн гектарды құрайтын территориясына аэротүсірілім жасаған.

Енді Terra Drone корпорациясының Орта Азиядағы бөлшегі ретінде елордалық компанияның дамыған елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, ұшқышсыз ұшатын аппараттармен Қазақстандағы ірі жобаларға қызмет көрсететін мүмкіндігі туып тұр.

«Біздің жұмысымызды, әлеуетімізді бағалап, Terra Drone корпорациясының бірқатар компания арасынан Қазақстандағы серіктес ретінде KazUAV-ті таңдағанына қуаныштымыз. Осының нәтижесінде енді бұдан былай электроэнергетика, құрылыс, мұнай-газ және басқа да салалардағы тапсырыс берушілерге әлемдегі соңғы үлгідегі технологиялар қолжетімді болады. Әрі Қазақстан бүкіл әлемдік ұшқышсыз авиация қауымдастығының бір бөлшегіне айналады», – деді KazUAV компаниясының бас директоры Евгений Гаркушин.

Айта кетсек, бұған дейін KazUAV компаниясының коммерциялық директоры Руслан Витвицкиймен ұшқышсыз ұшақ туралы сұхбаттасқан болатынбыз. Сұхбатты осы жерден оқи аласыздар.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх