• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Астаналық жүргізуші 555 рет жол ережесін бұзып, айыппұл сомасы 6 млн теңгеден асты  

10 қаңтар, 15:14524
Автор: Elorda Aqparat

Астана жолдарында жүрген 30 жүргізушінің айыппұлы миллиондаған теңгені құрады. Оларды полиция іздеуде. Айыппұлдардың жалпы сомасы 106 858 960 теңгені құрады, деп хабарлайды Елорда Инфо «Астана Innovations» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең көп айыппұл - 6 225 405 теңге. Ол Kia Rio және Škoda маркалы екі автокөлікке бір нөмір тағып алған жүргізушіге тиесілі. Айта кетсек, Comfort санатындағы Kia Rio көлігінің құны 2018 жылы 5,7 млн теңгені, ал Škoda Rapid Ambition-ның 2019 жылғы бағасы 6 млн 290 мың теңгені құрады. Машиналардың иесі жолда жүру ережесін 555 рет бұзған.

«​Астанада өткен жылдың сәуір айынан бастап Полиция департаменті «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар шеңберінде Астана аумағында, сондай-ақ барлық «Рубеж» бекеттерінде көлік ағынын бақылаудың автоматты жүйесін, электрондық планшеттерді және «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлер анықталды. Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде базада жоқ, жалған немесе шетелдік нөмірлер мен жалған мекен-жай көрсетілген 800-ге жуық жүргізуші тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті жалған немесе шетелдік нөмірлермен жүретін және өзін жазасыз сезінетін тәртіп бұзушыларды анықтауда.

Астанада өткізілген кешенді іс-шаралардың арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға, ЖКО-да жараланғандардың саны 16%-ға азайды және жолдардағы өлім-жітім екі есе азайды (48 %).

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Привет от #сергек

Публикация от Автомагазин ''Car Life" (@carlife_astana)



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх