• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Астаналық жұмысшылардың жалақы қарызы өтелді

14 маусым, 11:34187
Автор: Elorda Aqparat

2019 жылы елордалық жұмыс топтарының 449 895 467 теңгені құрайтын жалақысы төленіп, 2 174 жұмысшының еңбек ету құқығы қорғалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жыл басынан бері әкімдікке қарасты жұмыс тобының 450 млн теңгенің берілмей келген жалақысы өтелді.

«Өткен жылы атқарылған жұмыс нәтижесінде 304 млн теңгені құрайтын берешек жалақы өтелді. Ал биыл елордалық жұмыс топтарының берілмей келген 449 895 467 теңгені құрайтын жалақы беріліп, 2 174 жұмысшының еңбек ету құқығы қорғалды», - деді «Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» басшысының орынбасары Ерлан Ысмағұлов қалалық әкімдіктің отырысында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері ҚР еңбек ету заңнамасына сәйкес 203 тексеру жұмыстары жүргізіліп, ол 120 ұйғарым беріліп, одан бөлек 85 тұлғаға 15,1 млн теңге айыппұл салынды.

Атап айтқанда, «Респект-Строй 2017» ЖШС өзінің 53 қызметкеріне 24,6 млн теңгені құрайтын жалақыны бермей келген. Сондай-ақ, «Шар Құрылыс» және «GLB» ЖШС-ның да қызметкерлерінің жалақысын дер кезінде төлемеу фактісі тіркелді.

Айта кету керек, әкімдік отырысында жоғарыда аталған ұйымдарға қызметкерлердің еңбек жалақысы уақытында төленбеуіне қатысты шаралар қолданатылатыны айтылды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх