Мәдениет

Астаналық бишілер Ташкенттен Гран-примен оралды

05 қараша, 16:0148
Автор: Elorda Aqparat

Ташкентте өткен халықаралық би байқауында астаналық бишілер бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«2019 жылдың 31 қазан - 3 қараша аралығында Ташкент қаласында «Танцуй Всей Душой - Ташкент 2019» халықаралық би өнерінің байқауы өтті. Би жарысына Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Оқушылар сарайының «RELEASE» заманауи би студиясы қатысты. Жетекшісі - Марат Аманов. Байқау нәтижесінде «RELEASE» би тобы «Қазіргі заман билері» номинациясы бойынша «Гран-при»-ге ие болды», - деп жазылған қалалық Оқушылар сарайының Facebook парақшасында.




Наверх