• USD 381
  • EUR 428

Тұрғын үй алаптары

Астанадағы жаңа үй электронды сауданы кеңейтуге қалай көмектеседі

02 ақпан, 16:40242
Автор: Elorda Aqparat

Бақыт Сұлтанов Қабанбай батыр көшесі, 7 мекенжайындағы «Премьера» тұрғын үй кешені құрылысының технологияларымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо. BI Group құрылыс холдингінің өкілдері тұрғын үй кешеніндегі тастаматтар желісі туралы айтып, әкімге олардың қалай жұмыс істейтінін көрсетті.

​«Біз ақылды технологияларды енгізіп, жұмыс істейміз. Тұрғын үйге тастаматтар енгізілді. Оларды әрбір үйде, әрбір кіреберісте орнатамыз. Пайдаланушы телефонға QR кодты сканерлеу арқылы ашады. Осылайша кілттерді, сәлемдемелерді беруге болады. Бұл өте ыңғайлы жүйе, себебі е-commerce көлемі (электрондық сауда - ескерту ред.) жыл сайын өседі», - деді А.Омаров.

Оның айтуынша, бұл жүйе өте ыңғайлы. Кейіннен мұнда иесі болмаған жағдайда кез келген сенімді адам үйден қажетті затты алып кете алатын немесе есікті жақын туысқандарына аша алатын функцияны қосады. Сондай-ақ жақында мұндай жүйе әрбір кіреберісте жобаланатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада қала әкімі жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысымен танысты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх