• USD 385
  • EUR 434

Астанаға 20 жыл

Астанада үрмелі аспаптар оркестрінің фестивалі өтті (ВИДЕО)

06 шiлде, 14:32601

Қазақстан және Ресейден келген 180 музыканттар «Астана Самалы» ІХ Халықаралық үрмелі аспаптар оркестрі фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Елорда инфо.

Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай «Астана Самалы» ІХ Халықаралық үрмелі аспаптар оркестрі фестивалі өтті. Шара барысында бес ұжымнан 180 адам қатысты. Бұл іс-шараны оның ұйымдастырушысы - Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі академиялық филармониясының тобы ашты. 

Қазақстан және Ресейдің 180 музыканты сапта жүріп өтті

"Үрмелі сапаптар оркестірінен ұүралған топтарының жүріп өту шарасы - бұл фестиваль бағдарламасындағы ең жарқын оқиғалардың бірі. Фестиваль қонақтары - Өскемен қаласының «Ертіс» қоғамдық бірлестігінің үрмелі спаптар тобы,  Биыл алғаш рет Барнаулдан (Ресей) өте жарқын команда қатысуда. Бұл Барнаул муниципалитетті үрмелі аспаптар оркестрі  «Уақыт ырғақтары» ансамблімен  және "Құрметті күзетші ротасымен бірге келді", - деп хабарлады «Астана Самалы» фестивалінің ұйымдастыру комитетінің мүшесі Ольга Шаршавицкая.

Фестивальде Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының үрмелі оркестрі және Алматыдан келген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметтерінің бірлескен оркестрі өнер көрсетті.

Өскемен қаласының «Ертіс концерт» концерттік қауымдастығының бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі Александр Адамов фестивальға көп жылдардан бері қатысып келе жатқанын айтты.

«Бұл фестивальға алғаш рет қатысып жатқанымыз жоқ.  Рас, мұндай шара бір-екі жыл өтпей қалды. Бүгін біз 25 адам әкелдік. Оркестрдің толық құрамы 2000 жылдан бері бар», - дейді дирижер.

Фестиваль қалалық алаңда концертпен аяқталады. Қатысушыларға тағы екі команда қосылады: ҚР Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің президенттік оркестрі және Новосібірден келген «Сібір Диксилендті»  тобы.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх