• USD 381.5
  • EUR 427

Мәдениет

Астанада Ұлыстың ұлы күніне арналған концерт өтеді

26 ақпан, 18:20139
Автор: Elorda Aqparat

QAZAQCONCERT ұйымы астаналықтар мен қала қонақтарына «Ұлыстың ұлы күні» атты концерт ұсынады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Ұлыстың ұлы күні» жобасының шеңберінде көрермендер ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындардың театрландырылған көрінісін, ақындар айтысын, халық әуендеріне құрылған ән шашу мен күй тартыс сынды ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін тамашалай алады.

Бұл күні «Қазақстан» концерт залының үлкен сахнасы мен фойесінің декорациялары ерекше сән-салтанатпен безендірілген киіз үй үлгісінде ұсынылады.

«Ұлыстың ұлы күні» еліміздегі теңдессіз концерт болғалы тұр. Себебі, бір сахнада Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Досымжан Таңатаров, Құрмаш Маханов, Төреғали Төрәлі, Нұржан Керменбаев, Алтынай Жорабаева, Тамара Асар, Нұрлан Албан, Мөлдір Әуелбекова, Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Жанболат пен Жазира, Мәдина Сәдуақасова, Ардақ Балажанова, Бақыт Тұрман, Бауыржан Ретбаев, Әміре, Янис Кайсиди, Асқар Мұқият, Ерболат Чалдыбеков, Қамажан Аяулым, Нұрмұхаммед Жақып, Гүлнар Кошенова, Айна Қалмағанбетова, Салтанат Меңдіғалиева, Ербол Нариманұлы сынды белгілі әншілер мен «Жігіттер», «Райм&Артур» «Назар», «КешYou», «Азия» мен Бақай», «Формат», «Дарын», «Асыл», «Saz&soul» топтары өнер көрсетеді.

Бұған қоса, концертте «Астана мюзикл» мемлекеттік театры үздік мюзиклдердің үзінділерін ұсынады. «Ұлыстың ұлы күні» концертінде көрермен сүйіп тыңдайтын халық әндері, заманауи сазды әуендер жанды дауыста «Астана сазы» және «Saz&soul» ұжымдарының сүйемелдеуімен орындалады. Отандық эстрада жұлдыздарының жаңа образдары, таптырмас шоу және күтпеген дуэттер ерекше әрі естен кетпес әсер қалдырады.

Айта кетейік, концерт 13 наурыз күні сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх