• USD 381.5
  • EUR 427

Қоғам

Астанада Көрісу мерекесін тойлау дәстүрі көрсетіледі

15 наурыз, 14:3491
Автор: Elorda Aqparat

Наурыз мерекесі қарсаңында 17 наурыз күні сағат 12.00-де Жастар сарайында (Республика даңғылы, 34) «Көктем жаңғыру» мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Концертте Көрісу мерекесін тойлау дәстүрлері, Қазақстанда тұратын халықтар көктемін қарсы алу дәстүрлері, әндерді, билерді, аспаптық және күш нөмірлерін көруге болады. Осының барлығы «Замандас» отбасылық аула клубтарына баратын балалар мен қарт адамдардың бірлескен шығармашылығының нәтижесі.

Мерекені «Замандас» отбасылық аула клубтарының балалары және «Тұран» шағын орталығының құрметті жастағы адамдары дайындаған.

Іс-шараны «Замандас 21» қоғамдық қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен және «Тұран» шағын орталығымен бірлесіп Байқоңыр ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады.

Барлық тілек білдірушілерге кіру тегін.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх