• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Астанада көпбалалы отбасылардың дерекқоры құрылды

12 ақпан, 18:25373

Әрбір көпбалалы отбасының тұрмыстық, әлеуметтік жағдайын зерттеу мақсатында арнайы дерекқор құрылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Әкімдікке келіп түскен барлық өтініштерді біз талдадық. Оның нәтижесінде 267 өтініштің 260-ның мемлекет тарапынан қарастырылған барлық жәрдемақы түрлерін алатындығы анықталды.Қалған үміткерлерге бұл жеңілдіктер тағайындалмайды. Сондай-ақ, білім беру  саласы бойынша 28 өтініш келіп түсті, оның 8-і балабақшаға орналастыруға, 10-ы тегін тамақтануға рұқсат сұрады.Оның барлығына қолданыстағы ережеге сай жауаптар берілді», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова қаланың тыныс-тіршілігіне арналған отырыста. 

Сонымен қатар, әкім орынбасары елордадағы көпбалалы отбасылардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын кеңінен қарастыру мақсатында арнайы дерекқор құрылғанын айтып өтті.

«6 ақпаннан бастап Астанадағы аудан әкімдіктерінде учаскелік комиссия күнделікті көпбалалы және отбасылық жағдайы төмен азаматтарды қабылдауда.Оларға тиісті кеңестер мен түсініктеме берілуде. Әрбір отбасыны жан-жақты зерттеу үшін біз көпбалалы отбасылардың дерекқорын құруды бастадық. Онда отбасы мүшелері туралы мәліметтер көрсетілетін болады. Одан соң, әр отбасының тұрмыстық жағдайын анықтай отырып, олардың сұрақтары мен әлеуттік жағдайы қадағаланатын болады», - деді ол.

Одан бөлек, М.Бектұрова өткен аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдік тарапынан ұсыныстар жіберілгенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, отбасылық табыс көлемін есептеуді қайта қарау және атаулы әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін арттыру.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх