Мәдениет, Астанаға 20 жыл

Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері басталды

12 шiлде, 10:58816

Шілденің 12-13 күндері Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері өтеді. Бұл туралы Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Құрметті астаналықтар, қала қонақтары және жамбылдық жерлестер, достар! Сіздерді ертең басталатын яғни, 12-13 шілде күндері елордамыздың 20 жылдығына орай «Жаңарған Жамбылдан - асқақтаған Астанаға!» атты Жамбыл облысының мәдени күндері аясында өтетін іс-шараларды тамашалауға шақырамыз», - деп жазды ол.

Айта кетейік, бүгін 12 шілдеде Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры мен М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Қ.Бейсейітов пен Қ.Шандықбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясы мен А.Коровкинның «Тетки» комедиясы сахналанады.  13 шілдеде мәдени іс-шаралар «Қазанат» ипподромындағы Этноауылда жалғасады. Онда мемлекеттік филармонияның ұжымы өнер көрсетіп, қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы Амфитеатрда мерекелік гала-концерт өтеді.

«Бағдарламада спектакльдер мен қойылымдар, қасиетті Әулиеатаның өнер шеберлерінің мерекелік гала-концерті, көрермендер үшін көне Тараздан тарту ретінде естелік сыйлықтарға ұтыс билеттері ойнатылады. Барлық іс-шараларға кіру тегін. Мыңжылдықтар мұрасы көне қаланың ыстық сәлемін қабыл алыңыздар! Барлықтарыңызды асыға күтеміз», - деп жазды ол.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

 

 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх