• USD 381.5
  • EUR 427

Қылмыс және оқиғалар

Астанада газ баллоны жарылды. Зардап шеккендер бар

15 наурыз, 19:43133
Автор: Elorda Aqparat

Оқыс оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Қазір оларға дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, қажетті ем шараларын жасауда, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

15 наурыз күні сағат 17:06 кезінде Астана ТЖ департаменті пультіне Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллонының жарылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Сағат 17:14 шамасында өрт сөндірушілер жеткен уақытта  бірінші және екінші қабат арасындағы төбе бөлігі опырылып түскендігі анықталды». Белгілі болғандай, жарылыс салдарынан шамамен 300 шаршы метр аумақ жер опырылған.

Үш адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Қазір оларға дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, қажетті ем шараларын жасауда.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жеке құрамнан 22 адам мен 6 арнайы техника тартылды.

Төтенше жағдай орын алған жерге Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер, Астана қаласы ТЖД басшысының уақытша міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев пен Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов келіп жетті.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх