Мәдениет

Астанада американдық композитордың шығармалары шырқалады

11 наурыз, 10:07295
Автор: Elorda Aqparat

Астанада 14 наурыз күні Қазақ ұлттық өнер университетінің залында «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің концерті өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Концерт бағдарламасында американдық композитор Леонард Бернстайнның шығармалары орындалады. 

Атап айтар болсақ, көрермендер скрипка мен арфаға арналған «Серенада (Платон «Пир» диалогы бойынша) туындысын тыңдай алады. Бұл кештің солисі – халықаралық байқаулардың лауреаты Қасенов Дияр.

Концертте талантты хормейстер Батыржан Смаковтың жетекшілігімен Қазақ ұлттық өнер университетінің хоры өнер көрсетеді. Хор мен оркестрдің орындауында Леонард Бернстайнның шедеврі «Чичестерские псалмы» шығармасы орындалады. Бұл туынды – композитордың шығармашылығындағы ең белгілі шығарма. Ол академиялық музыканың рок және шлягер элементтерімен туындаған заманауи микс туынды болып есептеледі.

Концерт оркестрдің шақырылған дирижері Михаил Кирхгоффтың жетекшілігімен өтеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх