• USD 385
  • EUR 434

Руханият

«Абай әлемі» атты кеш өтті

24 тамыз, 09:01429
Автор: Elorda Aqparat
Сурет astana.gov.kz сайтынан алынды Сурет astana.gov.kz сайтынан алынды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай әлемі» атты әдеби-сазды іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ақын ескерткішінің алдында өткен кешті қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды. Әдеби-сазды кеш Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

«Абай қазақ руханиятының жарық жұлдызы, әр заманда түлеп, жаңарып отырады. Абай – өз заманын жаңғыртқан, жаңартқан ақын. Абай халқын ұлы мәдениетке, ұлы руханиятқа шақырды», - деді ақын, Мемелекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали Абайдың әнін шырқаса, белгілі күйші Айбек Бекбосын күйін шертті. Абайдың образы сомдалып, монологтар оқылды, жас ақындар Абай өлеңдерін және ақынға арналған өз жырларын оқыды.

«Біз Абай атамыздың рухани мұрасына қайта-қайта оралып, оның терең тұңғиығына бата түсеміз. Себебі Ұлы ойшыл атамыз шығыс поэзиясында қалыптасқан ұлы дәстүрлерді жалғастырушы ғана емес, Фердоуси, Әлішер Науаи секілді шығыстың ұлы ойшылдарының ізбасары, рухани ойды одан әрі дамытушы. Адамзат өркениетіне өз үлесін қосқан ұлы қайраткер», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Сондай-ақ, «Абайдың мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




Наверх