• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

«Астана-Зеленстрой» АҚ жұмысын жандандыру қажет – Алтай Көлгінов

21 тамыз, 08:4251
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі А.Көлгінов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрімен бірге саябақтар, бульварлар мен ботаникалық бақтарды аралап, жаяу жүріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, өткен жылы ғана ашылған «Жетісу» саябағында ағаштар қурап, құрғақ шөптер алынбаған. Сондай-ақ ағаштардың құрғақ бұтақтары кесілмеген. Суару жүйесі аумақта жұмыс істемейді. Кейбір ағаштар судың жетіспеуіне байланысты өте нашар хәлде.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

«Нұрлы жол» желекжолында кейбір гүлзарларда гүлдер жоқ, ағаштар кебуде. Ғашықтар саябағы да дәл осындай жағдайда, тек бір айырмашылығы – сынған плиталар фонтан келбетін бұзып тұр», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Ботаникалық бақта гүлдер отырғызылып, көгалдар төселіп, суару жүйесін қалпына келтіріп, субұрқақтардың жұмысын іске қосты. Мұнда да ағаштар, бұталар егілуі керек. Әкімшілік ғимараттарының алаңында суарудың дұрыс еместігінен және арзан шымтезек таңдау салдарынан гүлдер солған. Өсімдіктермен бірге арамшөптер өседі.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі атап өткендей, «Астана-Зеленстрой» АҚ жұмысын қалпына келтіру, өсімдіктерді емдеу және тұрақты негізде ағаштарды, гүлдер мен бұталарды суарумен айналысу қажет.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх