Спорт

«Астана» велокомандасы командалық есепте жеңіске жетті

07 қазан, 14:1025
Автор: Elorda Aqparat
фото olympic.kz сайтынан алынды фото olympic.kz сайтынан алынды

Загребте велеспорттан 2019 жылғы Хорватия турының алтыншы кезеңі өз мәресіне жетті. Финалдық кезеңде 154 шақырым қашықтықты италиялық спортшы Алессандро Федели бірінші болып бағындырды, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алты кезеңнен кейін «Астана» командасының өкілі Дэвиде Вилелла бас іріктеу кезеңінде Хорватия турының жеңімпазы ұлыбританиялық Адам Йейтске 22 секунд ұтылып, екінші орынды иеленді.

Испандық Виктор де ла Парте үздік үштікті қорытындылады. Жалпы қорытынды бойынша қазақстандық Андрей Зейц төртінші орынға ие болды. Евгения Гидичтің үшінші кезеңдегі жеңісі мен Давид Виллелланың жалпы есептегі екінші орны қазақстандық велокоманданың жеңіс тұғырына көтерілуіне себеп болды.

Нәтижесінде, қазақстандық велошабандозбар жалпыкомандалық есепте жеңді. Ал команданың жас спортшысы Вадим Пронский негізгі іріктеу кезеңін 12-ші болып жарысты аяқтап, 2019 жылғы Хорватия турында ең жас велошабандоз атанды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх