• USD 385
  • EUR 434

Спорт

"Астана" "Валлеттаның" тас-талқанын шығарды

08 тамыз, 21:5346
Фото sports.kz Фото sports.kz

"Астана" Еуропа лигасының үшiншi iрiктеу кезеңiнде Мальтаның "Валлеттасын" 5:1 есебiмен жермен-жексенiн шығарды, деп хабарлайды Елорда Инфо тiлшiсi.

Алаң иелерi тɵрешiнiң ысқырығы естiлiсiмен ойынды ɵз қолына алды. Алғашқы 4-минутта-ақ Марин Томасовтың есеп ашатын екi бiрдей мүмкiндiгi болып едi. Бiрақ алғашқысында дəлдiк жетiспесе, екiншi сəтте бағанаға тиiп, керi қайтты.

Дегенмен нəтижелi шабуыл кɵп күттiрмедi. Кездесудiң 9-минутында елорда командасының сапынан Рунар Мар Сигурьонссон астаналықтарды алға шығарды. Исландиялық жартылай қорғаушы сол қапталдан жеткен допты қарсы қақпаға дəл кɵздей бiлдi.

Арада 6 минут ɵтер-ɵтпес "Астана" есептегi басымдықты арттыра түстi. Бұл жолы кɵзге түскен - қазақстандық қорғаушы Юрий Логвиненко. Матчтың 15-минутында айып добынан əуелей жеткен допты қақпаның алыс бұрышына тоғыта салды.

Бұдан кейiн Дорин Ротариудың да, Фирмин Мубеленiң де алма-кезек соққылары қақпадан табылуы тиiс едi. Бiрақ "Валлеттаның" қақпашысы ɵз орнынан табыла бiлдi.

Ɵз кезегiнде қонақтар бiрдi-екiлi шабуылдарымен кɵзге түскенi болмаса, жарытып ешнəрсе жасай алмады.

Кездесудiң алғашқы 45 минуты дəл осы есеппен аяқталды. Ал екiншi таймда алаң иелерi қарқынын тɵмендетпедi. Кезектi шабуылдардың бiрiнде исландиялық Сигурьонссон дубль авторы атанды. Осыдан кейiн алаңға жаңа шыққан Янганың алғашқы добын соғатын мүмкiндiгі болып едi. Бiрақ ебедейсiз шабуылшы қақпашымен бетпе-бет шықса да соққысын тура бағыттай алмады.

Астаналықтар дəл осы қарқынмен қақпасын голдан аман сақтай ма деп үмiт күттiрген едi. Бiрақ орталық қорғаушы Евгений Постников шабуыл шебiне ойқастап шыққанда бiр шикiлiктiң болары бiлiнгендей едi. Ойлағанымыз сол едi, сол сəтте-ақ добынан айырылып мальталықтар қарсы шабуылға шықты. Дəл осы арада Постниковтiң позициясын басатын ешкiм жоқ, қарсыластар сол тұстан лап қойды. Ненад Эричпен жеке шыққан Марио Фонтанелла таблодағы айырманы қысқарта бiлдi. Есеп 4:1. 

Алғашқы мүмкiндiгiн тиiмдi пайдалана алмаған Янга 80-минутта əупiрiмдеп жүрiп бiр голын соқты. Марин Томасовтың оң қапталдан берген добы оны қақпашымен жеке шығарып, нəтижесiнде елордалықтар бесiншi добын салды. Бұл бүгiнгi кездесуде соғылған соңғы гол болып тiркелдi. Қорытынды есеп 5:1. 

Ал қарымта кездесу 15 тамыз күнi ɵтедi.

Айта кетейiк, "Астана" бүгiнгi ойында ɵзiндiк рекордын жаңартып отыр. Елордалықтар халықаралық турнирлерде ешқашан қарсыластар қақпасына бес гол соққан емес.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх