• USD 381
  • EUR 428

Мәдениет

Астана ТМД-дағы ең романтикалық қалалар қатарында

12 ақпан, 15:1280

Романтикалық қалалардың рейтингін Ресейдің ТурСтат сараптамалық агенттігі жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо агенттікке сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің дерегіне сүйенсек,  ресейлік туристер демалыс және мереке күндері ТМД елдеріне жылына миллиондаған саяхат жасайды.

«Демалыс күндері туристік саяхат үшін ТМД мен таяу шетелдегі романтикалық қалалар бестігіне Грузияның астанасы Тбилиси, Қазақстанның Астана қаласы, Әзербайжан астанасы Баку, Беларусь астанасы Минск және Молдовада Кишинев кіреді», -деп хабарлайды ТурСтат агенттігі.  

Тбилисиге дауыс берушілердің үштен бірі, Астана, Баку және Минскіге 14% және Кишиневке 10% дауыс берген.

Сондай-ақ, ТМД-ның романтикалық қалалар рейтингіне Алматы, Бішкек және Ереван да кірген (5%).



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх