• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Astana Media Week – ақпараттық өнімдер жәрмеңкесі – Жарқын Жұмаділов

12 қыркүйек, 01:4448
Автор: Elorda Aqparat
Фото Elorda Aqparat Фото Elorda Aqparat

«Elorda Aqparat» медиакомпаниясының директоры Жарқын Жұмаділов Astana Media Week жобасының артықшылықтары туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо Egemen Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

«Astana Media Week шарасы – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құрылғаннан кейін қолға алынған Орта Азиядағы ең ірі жобалардың бірі. Бұл шараға мен биыл қатарынан үшінші жыл қатысып отырмын. Жыл сайын қалдырмай қатысуға тырысамын. Себебі бұл – өте мазмұнды шара. Мен Astana Media Week жобасын ақпараттардың, ақпараттық сала қызметкерлері өнімдерінің жәрмеңкесі деп айтар едім. Неге десеңіз, қазір – күзгі уақыт, телевизиялық жаңа маусымның басталып жатқан кезі. Тек республикалық арналар ғана емес, өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдары да өз өнімдерін осы жәрмеңкеге әкеліп, көпшілікке таныстырып жатыр. Екіншіден, бұл журналистердің өзара пікір алмасу алаңына айналып келе жатыр. Яғни мұнда әртүрлі контент жасап жатқан әріптестер бір-бірімен тәжірибе алмасады», – деді Жарқын Жұмаділов.

Оның айтуынша, бұл жоба отандық ақпараттық саланың дамуына зор мүмкіндік береді.

«Astana Media Week шарасының бүгінгі күн тақырыбында отандық телевизия өнімдері, соның ішінде телесериалдар индустриясының панельдік отырысы өтті. Сонымен қатар мерзімді басылымды, журналды қалай шығарып, ақпараттық саладағы өнімдерді қалай дайындау керектігі жеке-жеке панельде айтылды. Сол сияқты жаңалық емес контенттерді қалай қалыптастыру керектігі де сөз болды. Осы алаңда журналистер де өзеріне қажетті ақпаратпен қанығып жатыр», – деді ол тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетсек, Astana Media Week жобасы әлі екі күнге жалғасатын болады.

 

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх