• USD 385
  • EUR 434

Спорт

«Astana Marathon» жеңiмпаздарына 1 млн теңге табысталды

08 қыркүйек, 12:3118
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған ауқымды марафон ɵз мəресiне жеттi, деп хабарлайды Елорда Инфо тiлшiсi.

Ұйымдастырушылар 42,2 шақырымдық марафонда 1-орын иегерлерiне 1 млн, 2-орынға 500 мың, ал 3-орынға 250 мың теңгенiң сертификатын табыс еттi.

Сонымен мəре сызығына қыздар арасында бiрiншi болып 2 сағат 45 минут 41 секундта жеткен Екатерина Сундукова 3-орын алса, күмiс жүлденi 2 сағат 33 минут 25 секунд кɵрсеткiшпен Гүлжанат Жанатбек иелендi. Ал 1-орын əрi 1 млн теңгенi мəреге 2 сағат 28 минут 42 секундта жеткен қырғызстандық Юля Андреева жеңiп алды.

«Күнiне екi мəрте жүгiремiн. Бұл менiң хоббиiм əрi жұмысым деп те айтуға болады. Бұл жарысқа екiншi жыл қатарынан қатысып отырмын. Маған бұл марафон ұнайды. Жарысты жеңiл жүгiрiспен бастап, денемдi қыздырып алдым. Бүгiнгi күн жаңбырлы болса да желсiз ауа райы ɵте қолайлы болды. Ендiгi жоспарым Токио Олимпиадасына қатыссам деймiн», - дедi «Astana Marathon» жеңiмпазы.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх