• USD 385
  • EUR 434

Спорт

«Astana Marathon»: Ерлер арасындағы жарысты Ɵзбекстан желаяғы жеңiп алды

08 қыркүйек, 12:4529
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласында ɵткен желаяқтар жарысына 24 елден 5 мыңнан астам адам қатысты. Онда ерлер арасындағы сында ɵзбекстандық спортшы 1-орын иелендi, деп хабарлайды Елорда Инфо тiлшiсi.

Жеңiмпаздарға 1 млн, 500 мың, 250 мың теңгенiң сертификаттары табыс етiлдi.

Марафонға Австралия, Австрия, Бельгия, Қытай, Колумбия, Эстония, Франция, Германия, Гонконг, Үндістан, Италия, Кения, Жаңа Зеландия, Нигерия, Филиппин, Польша, Румыния, Ресей, Оңтүстік Корея, Испания, Түркия, Украина, БАӘ, Эфиопия, Ұлыбритания, АҚШ, Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстанның 38 қаласының өкілдері қатысты.

Сонымен сағат таңғы 8-де жалауын кɵтерген жарыс арада үш сағаттай уақыт ɵткенде аяқталды. Мəре сызығына 2 сағат 28 минут 3 секундта жеткен Олег Байтуканов қола жүлде иегерi атанса, 42,2 шақырымды 2 сағат 26 минут 53 секундта бағындырған Владислав Мамедов 2-орынды мiсе тұтты.

Ал «Astana Marathon» жарысында алтын жүлденi 2 сағат 26 минут 10 секундта финиш сызығын кесiп ɵткен ɵзбекстандық желаяқ Зiкiролла Мамагулов жеңiп алды.

«Нұр-Сұлтан қаласына бiрiншi рет келiп отырмын. Əлемдiк деңгейде марафон ɵтедi деген соң бағымды сынайын деп Ташкенттен келген едiм. Жүгiру спортымен айналысқаныма бiраз уақыт болды. Бiрақ 1-орын аламын деп ойламаған едiм. 35 шақырымға дейiн жеңiл жүгiрiп, қалған 7,2 шақырымда бар күшiмдi салдым», - дейдi Зiкiролла Мамагулов.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх