• USD 385
  • EUR 434

Спорт

«Astana Marathon-2019» жарысына 15 марафонды бағындырған Ерлан Бақтияр қатысады

04 қыркүйек, 15:39209
Автор: Elorda Aqparat

8 қыркүйек күні елордада «Astana Marathon-2019» қайырымдылық марафоны өтеді. Оған қатысушылардың бірі Ерлан Бақтияр қала тұрғындарын жарысқа қатысуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

Бұған дейін 15 марафонды бағындырған Ерлан Бақтияр спорт-денсаулық кепілі деп санайды.  Бұған дейін 10, 15 шақырымдық жолды жүгіріп өтіпті, бұл жолы алғаш рет 42,2 шақырымды межелеп отыр.

42.2 шақырымды бағындыратын марафоншылар үшін старт уақыты сағат 08:00-де, 10 шақырымда жүгіретіндерге 08:10-да басталады.

Естеріңізге саламыз, 2019 жылдың 8 қыркүйек күні сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін «Astana Marathon-2019» марафонының өтуіне байланысты белгілі көшелер жабылып, көлік құралдарының қозғалысы уақытша шектеледі.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх