• USD 385
  • EUR 434

Спорт

Astana Marathon-2019: Айына 120 шақырым жерді жүгіріп өтетін спортшы қыз Салтанат Әшірбай

06 қыркүйек, 18:07136

Алдағы жексенбі күні елордада халықаралық Astana Marathon -2019 жарысы өтеді. Оған 5 мыңнан астам қатысушы тіркелген. Олардың бірі Салтанат Әшірбай елордалықтарды марафонға қатыспаса да, сырттай тамашалауға шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Салтанат Әшірбек 7 сыныптан бері жүгірумен айналысады. Ауа райының қолайсыздығына да, уақыттың жоқтығына да, басқа жағдайларға да қарамастан белгіленген кестесіне сәйкес жаттығуға барады. Бұрыннан спортқа жақын болғанымен тек бір жылдан бері ғана марафондар мен жарыстарға қатысып жүр.

«Жаттығуға барған сайын 10 шақырымнан жүгіремін. Аптасына үш рет жаттығамын. Кейде тіпті жоспарлаған межеден де асып кететін кездер болады. Спортты жаным сүйеді, денсаулығым үшін ғана спортпен айналысып жүрген жоқпын әрине. Спорт адамдарды тоғыстырады деп санаймын. Алдағы күндері елордада 5 мыңнан астам адам қатысатын халықаралық марафон өтеді. Мен де 10 шақырымды бағындырамын деп шештім. Марафонға тіркеу уақыты аяқталғанымен, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын кең ауқымды спорттық шараны тамашалауға шақырамын. Марафонды өз көзімен көрген соң мүмкін олар да біздің қатарымызға қосылар»,- деді ол.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх