• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Астана LRT құрылысына қаражат қайдан алынады – елорда әкімінің жауабы

13 тамыз, 12:0365
Фото rus.azattyq.org сайтынан Фото rus.azattyq.org сайтынан

Қала әкімі Астана LRT-ның құрылысына қаражаттың қайдан алынатындығы туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бүгінде Астана LRT құрылысы барлық нормативті-құқықтық құжаттар үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр», - деп А.Көлгінов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берді.

Сонымен қатар, қала басшысы қаржының қайдан және қанша көлемде алынатындығын айтты.

«Бұған дейін айтқанымыздай, қытайлық инвестициядан бас тартып, есесіне 800 млн АҚШ долларын үнемдеп қалдық. Қазіргі уақытта біз «Халық банкпен» 3 пайыздық қарызбен 500 млн (АҚШ доллары), сондай-ақ, 100 млн (АҚШ доллары) бойынша «Бәйтерек» холдингімен келістік. Бұл қаражат жұмысты одан әрі жалғастыруға жеткілікті», - деді ол.

Айта кетейік, қала әкімі Астана банкіндегі LRT құрылысына тиесілі бұғатталған қаржыны қайтару қажеттігін айтқан болатын.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх