Билiк және саясат

Астана клубының пікірталас алаңына әлемнің 30 елінен белгілі саясаткерлер қатысады

07 қараша, 14:4195

«Астана» клубы халықаралық пікірталас алаңы жұмысына әлемнің 30  елінен 50 саясаткер қатысады. Бұл туралы Әлемдік экономика және саяси институт директоры Ержан Салтыбаев ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Оның айтуынша, халықаралық деңгейлегі шараға мемлекет басшылары, Нобель сыйлығының лауреаты, сыртқы істер министрлері, беделді орталықтарының басшылары мен саясаткерлер қатысады.

«Астана клубы Елбасының қолдауымен 2015 жылы құрылды. 2017 жылдан бастап платформа трансформацияланып, әлемдік саясаткерлер мен сарапшыларының басын қосатын болған. Үлкен Еуразия бүгінге танымал концепт. Көптеген елдер осындай концепт құрғысы келеді. Қазақстан Еуразия орталығында орналасқандықтан, біз дәстүрлі түрде әр түрлі платформаларда оны насихаттаймыз, Елбасы платформаның дамуына, әлемдік деңгейде беделге ие болуына үлкен үлес қосты. Халықаралық деңгейдегі шараға отыз елдің 50 саясаткері қатысады. Олардың ішінде мемлекет басшысылары, Нобель сыйлығының лауреаты, сыртқы істер министрлері, орталық басшылары, саясаткерлер бар»,- деді Ержан Салтыбаев.

Спикердің айтуынша, Астана клубның жұмысы арқылы Қазақстан әлем елдеріне өзінің алдағы бастамаларын таныстырып, кері байланыс алады.

«Біз алаңға қарапайым сарапшыларды емес, өз мемлекетінде шешім қабылдайтын тұлғаларды шақырып отырмыз. Біз сол сарапшылармен сұхбат құрып, осында іске асуы тиіс бастамаларды оларға жеткіземіз. Біз ол шараларды ресми дипломатия арқылы әрдайым жасай алмаймыз. Осы сарапшылардың Астана клуб отырысына қатысуы көп нәрсені көрсетеді. Біз Еуропа мен Азия құрлықтарын біріктірген мемлекетпіз және еліміз Еуропада да, Азияда да өзін еркін ұстайды. Еуразияда ондай мемлекеттер аз, біз солардың біріміз», - деді ол.

Әсел Ибадулла




Наверх