Билiк және саясат

«Астана клубта» Корей түбегін қарусыздандыру мәселесі көтеріледі

07 қараша, 15:5734

«Астана клуб» жұмысында Корей түбегін қарусыздандыру бойынша мәселе көтеріледі. Бұл туралы ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР Тұңғыш Президенті Қорының халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі Қайрат Әбусейітов мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Біз қазір оңтүстіккореялық әріптестерімізбен, атап айтқанда Korea Foundation қорымен корей түбегін қарусыздандыру бойынша бірлесе жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы мәселе «Үлкен Еуразия» тұжырымдамасының бір бөлігі болып табылады. Себебі, тұжырымдамада қауіпсіздікке ерекше назар аударылған», - деді орталық жетекшісі.

Оның сөзінше, Иранды қарусыздандыру бойынша мәселеге барлық әлем назар салуда. Сол ретте Иран мемлекетінің Сыртқы істер министрі қатысады деп күтілуде.

«Кореялық әріптестеріміздің мәселесіне келер болсам, Солтүстік Корея осы мәселеге қатысты пікірталасқа қатысады деген ойдамын. Осы уақытқа дейін кездесулер Нұр-Сұлтан, Сеул қалаларында өтті. Келесі кездесу Нұр-Сұлтан мен Курчатов қалаларында өтеді. Өйткені бұл өте маңызды мәселе. Елбасы режимді нығайту және ядролық қарусызданудың таралуы саласында жасаған көзқарасына сәйкес екі Корея арасында каталог орнату өте маңызды. Сессиялардың бірінде бұл мәселе жан-жақты қарастырылады. Бұл жерде Иранның Сыртқы істер министрінің мәлімдемесі болады деп үміттенемін. Себебі, бүкіл әлем Иранның ядролық саясатына назар салып отыр», - деп қорытындылады ол.

Әсел Ибадулла




Наверх