• USD 383.4
  • EUR 432

Қоғам

Астана қаласының прокуратурасы автопарк қызметкерлері жалақысының төленуіне қол жеткізді

11 қаңтар, 16:11178
Автор: Elorda Aqparat

Астана қаласының прокуратурасы елордалық №2 автопаркінің 128 қызметкерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​«Астана қаласының прокуратурасы «№2 автобус паркі» ЖШС-інде 128 қызметкердің еңбек құқықтарын қалпына келтіріп, олардың 12 млн теңге көлеміндегі жалақысы төленді», - делінген хабарламада.

Осыған ұқсас тағы бір факт кезекті іс-шара барысында анықталды.

«Байқоңыр» ауданы прокуратурасының жүргізген кезекті іс-шарасы барысында жалақы төлеу бойынша ірі мөлшерде қарыз белгілі болды.

«Құрылыс жұмыстарымен айналысатын кәсіпорынның жосықсыз иесі еңбек шартын жасамай ұзақ уақыт бойы 54 қызметкерге жалақы төлемеген. Аудан прокуратурасының талабы бойынша қызметкерлермен тиісті шарттар жасалып, 3,5 млн теңге көлемінде жалақы бойынша берешек төленді. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды», - делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх