Спорт

«Астана» Еуропа лигасында 14 гол жіберіп, 1 доп соқты

08 қараша, 12:2037
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Reuters Фото: Reuters

«Астана» футбол командасы Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Нидерландтың «АЗ Алкмар» ұжымын қабылдап, 0:5 есебімен оңбай ұтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Голдардың авторы: Майрон Боаду 29,77, Фредрик Мидтше 52, Уссама Идрисси 57, Пантелис Хацидиакос 75.

Осылайша «Астана» Еуропа лигасында өткізген төрт ойынның бәрінде ұтылып, топтық кезеңнен шығу мүмкіндігінен айырылды. Бүгінге дейін елордалық ұжым «Олд Траффорд» стадионында «Манчестер Юнайтедтен» 0:1 есебімен ұтылса, келесі турда Сербияның «Партизанын» қабылдап, 1:2 есебімен жол берді. Одан кейін «АЗ Алкмармен» екі ойын өткізіп, жалпы есепте 0:11 болып тас-талқаны шықты.

Еуропа лигасының L группасында «Манчестер Юнайтед» 10 ұпаймен көш бастап тұрса, «АЗ Алкмар» 8 ұпаймен 2-орында келеді. Ал 3-орын тиісінше 4 ұпайы бар «Партизанның» еншісінде. Көш соңында – 0 ұпаймен, 4 ойында 14 гол жіберіп, небәрі 1 гол соққан «Астана».




Наверх