• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Астана банкіндегі LRT құрылысына тиесілі бұғатталған қаржыны қайтару қажет – Көлгінов

17 шiлде, 13:17273
фото Kursiv.kz сайтынан фото Kursiv.kz сайтынан

Қала басшысы құрылысы тоқтап тұрған LRT-ға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Президент тарапынан мемлекет қаражатын тиімсіз жоспарланғаны туралы сын айтылды. Аталған мәселе LRT құрылысына қатысты, яғни бұл жобаның қымбатқа түсуі. Сондықтан Астана банкіндегі LRT құрылысына тиесілі бұғатталған қаржыны қайтару қажет. Осы сұрақпен шұғыл түрде айналысуды Асқар Кемеңгерұлына тапсырамын. Бастапқыда LRT –ны салу үшін Қытайдың даму банкімен келісім жасалған, бірақ банк жеме-жемге келгенде жобаны қаржыландырудан бас тартты. Сондықтан да басталған жобаны аяқсыз қалдырмау үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастыру жоспарланып отыр», - деді А. Көлгінов.

Сондай-ақ, қала әкімі LRT құрылысына жұмсалатын қаржының қысқартылуы мүмкін екендігін де айтып өтті.

«Сын айтылды. Енді соның негізінде жұмыс істейміз. Орта жолдан қалай тоқтатамыз? Халықаралық міндеттеме деген бар. Ең бастысы,  құрылысты сауатты әрі сапалы етіп жолға қою керек. Ақшасы мен инфрақұрылымын нақты мамандар есептейтін болады. Жобаның құны қысқаруы мүмкін. Сол себепті Астана банкіндегі тиісті қаржыны қайтару керектігін күн тәртібіне қойып отырмын. Әрине бұғатталған есептегі ақшаны қайтару ұзақ процесс, уақыты келгенде қосымша хабарлайтын боламыз», - деді ол.

Сондай-ақ, қала басшысы болашақта имидждік жобалардың мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілмейтінігін мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы бюджетке қатысты нақты мақсатты көрсетіп берді. Мемлекеттік бюджет екі сұраққа жауап беруі тиіс: жоба не үшін керек және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі. Бұл дегеніміз мемлекет бюджетіне жауапкершілікпен қарау», - деді әкім.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх