• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

«Астана Балет» театры жетінші маусымда қандай қойылымдар қояды

10 қыркүйек, 15:4134
Автор: Elorda Aqparat
Фото Мәдениет және спорт министрлігінен Фото Мәдениет және спорт министрлігінен

Қазанның 4 мен 5 күндері «Астана Балет» биылғы маусымның алғашқы премьерасы Джордж Баланчиннің «Кончерто Барокко» атты бір актілі балетін сахналайды, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Премьера театрдың «Америка хореографиясының кеші» атты жаңа бағдарламасына енген. Бұл кеште америкалық неоклассиканың танымал қойылымы - «Серенада» балеті де көрсетіледі.

Айта кетерлігі, «Астана Балет» - Орталық Азия елдерінің ішінде Джордж Баланчин қорымен бірлесе қойылым дайындаған тұңғыш театр. Әр спектакль хореографтың стилі мен техникасының стандарттарына сәйкес жасалған.

Спектакльдердің басталуы 4 қазанда сағат 19:30, 5 қазанда сағат 18:00.

Театрдың жетінші маусымында бұдан бөлек ғажайып премьералар өтеді, сонымен бірге, көрермен көзайымына айналған спектакльдер ұсынылады.

Қазанның 8 мен 9 күндері астана тұрғындары мен қонақтарына «Astana Ballet Presents» тарту етіледі. Бұл концерттік бағдларламаны театр 19-22 қарашада АҚШ-та өтетін гастрольге арнап дайындаған. Оған «Ұлы Дала мұрасы» дивертисменті, Рикардо Амарантенің «Love Fear Loss» және «A Fuego Lento» бір актілі балеті мен Николо Фонтенің «Love’s Lost Idols» туындысы енген.

12 қазанда балет өнерінің жанкүйерлері заманымыздың кемел хореографы Уильям Форсайттың «In the Middle, Somewhat Elevated» («Ортада, сәл жоғары») туындысын тамашалай алады.

Желтоқсанның бірінде «Астана Балет» сахнасында «Жусан» балеті көрсетіледі. Қоюшы-хореограф – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри. Би миниатюралары арқылы аңыз-әпсаналарды негізге ала отырып, Ұлы Даланы мекендеген бабаларымыздың аллегориялық бейнесі жасалған.

Ұлттық нақыштағы спектакльдің ізін ала қазақ ұлттық биінің жауһарларынан кестеленген «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасын тамашалауға болады.

Жаңа жылдық мереке қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына екі ертегі ұсынылады. Олардың бірі Қазақстанда алғаш рет қойылады. Бұл ресейлік хореограф Надежда Калининаның – «Золушка» балеті. Премьералық көрсетілімдер желтоқсанның 20, 21 және 22 күндері өтеді.

«Щелкунчик» балетімен Жаңа жылды қарсы алу дәстүрге айналған. Осы маусымда да ересектер мен балалар Василий Вайноненнің ержүрек қуыршақ пен зұлым тышқан королі туралы ғажайып ертегісін «Астана Балет» театры сахнасынан көре алады. Спектакль сахнаға желтоқсанның 26 мен 31 аралығында шығады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх