• USD 377.9
  • EUR 429

Қоғам

Астана әкімінің қала тұрғындарымен кездесу уақыты белгілі болды

12 ақпан, 08:55181
Автор: Elorda Aqparat

​Астана әкімі 20 ақпанда тұрғындармен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​Елорда тұрғындары қала тіршілігіне қатысты сауалдарын «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерінің редакциясына хабарласып немесе әлеуметтік желілерде жарияланымдарын #Астанаәкімінесұрақ, #вопросакимуАстаны хештегімен белгілеп қоя алады.

Сонымен қатар, тұрғындардың қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы арқылы 109 қысқа нөміріне қоңырау шалып, сұрақ қою мүмкіндігі бар.

Кездесу онлайн-режимде Астана әкімдігінің ресми сайтында көрсетіледі.


Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар 




Наверх