• USD 383.4
  • EUR 432

Қоғам

Астана-1 теміржол вокзалында 10 жаңа эскалатор іске қосылды

11 қаңтар, 10:26219
Автор: Elorda Aqparat

Халықаралық стандарттарға сай жаңа эскалаторлар тек жолаушылар қауіпсіздігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, физикалық тозуға шыдамды әрі ресурс үнемдеуге бейінді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

​«Эскалаторлар Ақмола лифтжасау зауыты желісінде жиналды. Құрал-жабдықтар Астана қаласының құзырлы мемлекеттік органдарында тиісті есепке қойылды. Құрылғы пайдалануға жарамдылығы жөніндегі техникалық байқаудан өткізілді», - делінген ҚТЖ баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, ескірген эскалаторларды жаңасына ауыстыру жөніндегі жұмыстар 2018 жылдың қараша айынан басталған.

Астана-1 жаңа теміржол вокзалы 1990 жылдан бастап жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда вокзал ғимаратының аумағы 11 мың текше метрді құрайды және тәулігіне 12 000 жолаушыны өткізуге қабілетті вокзал тәулігіне 37 пойызға қызмет көрсетеді. Сервистік қызметтер сапасының деңгейін арттыру, вокзалдардың техникалық жабдықталуын жақсарту ҚТЖ қызметінің басым бағыты болып табылады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх