• USD 385
  • EUR 434

Асар: Арыстағы елордалық құрылысшылар межеленген мерзімнен мүлт кетпейді

14 тамыз, 15:2880
Автор: Elorda Aqparat
фото Жарқын Жұмаділов/facebook фото Жарқын Жұмаділов/facebook

Арысты қалпына келтіру жұмыстарына республиканың әр өңірінің жұмылдырылғаны белгілі. Бұл тұрғыда астанаға бөлінген аумақ шамамен 100 гектарды құрайды. Яғни қалпына келтірілуі тиіс үйлердің жартысынан көбі елордалықтардың еншісінде. Алайда астаналық құрылысшылардың межеленген мерзімнен кеш қалып жатқаны қаншалықты шындыққа жанасады? Бұл туралы Арыс қаласына арнайы барған «Elorda aqparat» ЖШС директоры Жарқын Жұмаділов өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Нұр-Сұлтан қаласының секторы үлгермей жатыр" деген әңгіме шыққаннан кейін жұмыстарды көзіммен көру мақсатында, жол түсіп Арыс қаласына келдім. Елорданың өзінде қысы-жазы құрылыстың қарқынды жүретіні белгілі. Биыл Арыс қаласындағы оқиғадан кейін бұл жаққа да құрылыс күші көбірек керек болды. Себебі, Нұр-Сұлтан қаласына берілген 9-сектор 98 гектар жерді алып жатыр. Бұл аумақта халық өте тығыз қоныстанған.

10 мың адам, яғни жергілікті халықтың 15%-ы тұратын 1467 (!) тұрғын-жайды қалпына келтіру тапсырылған.

«Оның ішінде 57 көппәтерлі тұрғын үй бар. Жалпы Арыстың өзінде көппәтерлі тұрғын үй саны - 98. Яғни, соның 60%-ы Елордаға берілген. Оған қоса 717 жер үйдің пәтерлері бар. Осылайша астананың штабы 1,5 мыңға жуық отбасымен тікелей жұмыс істеп жатыр. Салыстырмалы түрде көршілес ең үлкен облыс, индустриалды өлке Қарағандыға берілгені - 90-ға да жетпейді. Сол сияқты Ақмола, Маңғыстау, Қызылорда облыстарына 300-ге жуық. СҚО - 190. Нұр-Сұлтан қаласы мұндай көлемдегі жұмыстарды әлдеқашан аяқтаған»,- делінген Жарқын Түсіпбекұлының facebook-тегі парақшасында.

Штаб жетекшісі, қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов күн сайын құрылыс жұмыстары бойынша мәселелерді пысықтайды. Кеше маған жұмыс штабының отырысына қатысу бұйырды. Компания басшыларынан жұмыстар бойынша есептер алынып, жаңа тапсырмалар жүктелді. Кейбір мердігерге қатты айтуға да мәжбүр болды.

Жарқын Жұмаділовтың айтуынша, бүгінде 300-ге жуық үй, пәтер қалпына келтірілген. 9-секторда 30 құрылыс компаниясы жұмыс істеп жатыр. Мыңға жуық құрылысшы күні-түні еңбек етуде. Он күннен кейін жөндеу жұмыстары аяқталады. Жарамсыз деп танылған көппәтерлі үйлер қыркүйектің басында тапсырылмақ. Таңғы 6:00-ден түнгі 22:00-ге дейін тер төгеді.

фото Жарқын Жұмаділов/facebookфото Жарқын Жұмаділов/facebook

Бұған дейін Елорда Инфо порталы Арысты қалпына келтірудегі елорданың үлесі туралы ақпарат жариялаған болатын.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх