Қоғам

Арысты қалпына келтіруде елорданың үлесі қандай

14 тамыз, 11:57229
Автор: Elorda Aqparat
фото авторы Дәурен Сәтбек фото авторы Дәурен Сәтбек

Арыс қаласында орын алған оқиғаның бүкіл елді алаңдатқаны рас. Бүгінде шаһардағы тiршiлiк бір қалыпқа келген. Үйлер мен түрлі нысандар қалпына келтіріліп, инженерлік инфрақұрылым толық жөндеуден өткізілуде. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов Елорда Инфо порталына зардап шеккен қала инфрақұрылымын қалпына келтіруде елордалық бригадалардың жүргізіп жатқан жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысы туралы айтты.

– Арыстың Нұр-Сұлтан қаласына бекітілген тоғызыншы секторында бүгінгі таңда қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Мұнда бір апта бұрын жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жалпы  біздің секторда үш көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Сонымен қатар техникалық тексеріске сәйкес, қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған және жаңа құрылыстың қажеттілігі туралы шешім қабылданған үйлердің орнына 150-ге жуық жаңа жеке тұрғын үй салып жатырмыз.

фото авторы Дәурен Сәтбек фото авторы Дәурен Сәтбек

Тоғызыншы секторда ауқымды жұмыс атқарылуда. 1500 тұрғын үй, 650 жеке тұрғын үй және 57 көппәтерлі тұрғын үй. Үш көппәтерлі тұрғын үй қалпына келтірілмейтін болғандықтан, олар сүріліп, тиісті жұмыстар басталды.

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек

650 жеке тұрғын үйдің 150-ін қалпына келтіру мүмкін емес. Олар да бұзылды. Тұрғындар уақытша басқа жерге қоныстанды. 450-480 үйге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Тиісті ақаулық актілері дайындалып, сауалнамалар жүргізіліп, мамандандырылған ұйымдардың қорытындылары жасалды. Жұмыс жалғасып жатыр.

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек

– Сіздерге жүктелген жұмысты орындауда қиындық жоқ па?

– Жалпы алғанда, әрине, үлкен жұмыс атқарылуда. Біздің секторда шамамен 10 000 адам тұрады. Бұл – Арыс қаласының жалпы халқының 5 бөлігі. Егер тұрғын үй қоры туралы айтатын болсақ, Нұр-Сұлтан қаласына бекітілген 9-сектор қаладағы жалпы тұрғын үй қорының 18 пайызын құрайды. Астананың айтарлықтай ырғақты жұмыс нәтижесін көрсетіп, ауқымды жұмыс атқаруы керек екендігімен келісемін. Біз қазіргі уақытта осыған тырысып жатырмыз. Әрине, жаңа тұрғын үй салу үшін біраз уақыт қажет, технологияға  байланысты мәселелер бар. Біз жұмысты барлық нормаларға, ережелерге және құрылыс технологиясына сәйкес жүргізетінімізді атап өткім келеді.

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек

Бөлінген қаражат игерілуде. Үкімет күрделі жөндеуден өткізуге және жаңа құрылысқа қаржы бөлді. Сондай-ақ қаражаттың белгілі бір мөлшері Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті бюджетінен қарастырылған. Сонымен қатар «Нұрлы Астана» бюджеттен тыс қоры жеке тұлғалар мен кәсіпорындардың, басқа департаменттер мен мекемелердің демеушілік көмегі арқылы толықтырылады. Яғни, біз осы үш қаражат көзін Арыс қаласындағы үйлердің құрылысына, күрделі жөндеуден өткізуге және ағымдағы жөндеуге пайдаланамыз.

– Жұмысқа қанша адам тартылады? Техника жағы қалай?

– Қазіргі таңда мұнда 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. Әрлеу жұмыстары басталған сайын адам санын арттырып жатырмыз. Әртүрлі жұмыс нысандарында 30-дан аса мердігерлік ұйым жұмыс істейді. Қажетті материалдар сатып алынады. Жұмыс кестесі дайындалды. Барлық қажетті жабдық бар. Сондықтан ешқандай қиындық жоқ. Екі ауысыммен жұмыс жүріп жатыр. Күн райын ескеріле отырып, жұмыс таңғы сағат 05.00-06.00-де басталады. Түстен кейінгі үзілісте жұмысшылар бірнеше сағат демалады. Содан кейін жұмыс күн батқанға дейін жалғасады.

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек

Шілде айының басында шатырлы лагерь жасақтадық. Онда 65 адамды құрайтын штаб қызметкерлері тұрады. Сонымен бірге астаналық жедел жәрдем қызметкерлері де жұмыс істейді. Адамдар қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілген.

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек

Ешкімге тәуелді болмас үшін техниканы өзімізбен бірге алып келдік. Өзіміз тұрған жердің санитарлық жағдайын сақтаймыз, жүк тиеушілер үнемі қоқыс шығарады. Бұл жағынан бізде ешқандай қиындық жоқ.

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек

– Сектордағы жұмыс барысында қандай да бір күрделі жағдаймен бетпе-бет келетін кездер бола ма?

– Жергілікті билік органдарымен және коммуналдық қызметтермен тығыз жұмыс істейтінімізді айтып өткен жөн. Біз жаңа үйлерді инженерлік инфрақұрылымға қосу мәселесін шешуіміз керек. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға ризашылығымызды білдіреміз. Олар біздің мәселелерімізді тек техникалық сипатта ғана емес, сонымен бірге құжаттардың уақтылы орындалуына байланысты құқықтық мәселелерді де жедел шешеді. Сүрілген үйлердің барлық құжаты сәйкесінше рәсімделмегеніне байланысты қиындықтар болды. Кейін адамдарға ешқандай қиындық тумас үшін бұл мәселелерді қазір шешуге тырысып жатырмыз. 

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек

Жергілікті тұрғындар келіп, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысына қызығушылық танытып, кей жұмысқа өз бағасын беріп жататынын айта кету керек. Оларға үйге қажетті құжаттарды қалпына келтіруге қатысты кеңес беріледі. Біз бұл жерде де ынтымақтаса жұмыс істеуге тырысамыз. Штаб ХҚКО сияқты ұйымдастырылған. 

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек

Біз 9-секторымызды шағын учаскелерге бөлдік. Әр шағын учаскеде туындайтын мәселелерді шешуге жауапты адам бекітілді. Әрине, адамдар жұмыс сапасына көңілтолмаушылық білдіретін кездер болады немесе оларды алаңдататын мәселелер туындайды. Біз бұл мәселелерді тез арада шешуге тырысамыз. Кез келген адам біздің орталыққа хабарласып, өтініш қалдыра алады. Біз оны мердігерге береміз және бұл ескертулерді міндетті түрде ескереміз.

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек

– Құрылыс жұмыстары қашан аяқталады? Адамдар қашан үйлеріне орала алады?

– Егер мерзім туралы айтатын болсақ, жеке тұрғын үйлердің, сондай-ақ 54 көп пәтерлі тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің ағымдағы және күрделі жөндеуін 25 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жаңа оқу жылы басталар алдында балалар қолайсыздық сезінбей мектепке барулары керек. Жаңа құрылысқа келетін болсақ, біз бұл жұмыстарды қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ауа райы мүмкіндік береді. Монтаждау жұмыстарын уақтылы аяқтауға байланысты қиындықтар болмайды деп ойлаймын.

фото авторы Дәурен Сәтбекфото авторы Дәурен Сәтбек



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх