• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Арыстағы жарылыстың себептерін анықтау үшін 100-ден астам адамнан жауап алынды

03 шiлде, 13:01109
Автор: Elorda Aqparat

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас әскери прокуратурасымен Арыс қаласындағы 44859 әскери бөлімінің артиллериялық қоймаларында болған жарылыстарының себептерін тергеу жайлы брифингі өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Брифингке Бас әскери прокурорының орынбасары Дархан Ержанов пен басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Оқ-дәрілердің жарылыс оқиғалары бойынша Қылмыстық кодекстің 462 бабының 3 бөлімімен сот алды тергелу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеуді ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлер санынан құрылған жедел-тергеу тобы жалғастыруда.

Заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, жылдам ашу мен кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу әрекеттеріне әскери және жергілікті прокуратура қызметкерлері қатысты.

Дархан Ержанов айтуынша, алғашқы сатысында басты назар адамдар өлімінің мән-жайын анықтауға, оқиға болған жерді қарап-тексеруге, құжаттарды алу мен келтірілген залалды анықтауға аударылады.

Осы уақытқа дейін 100-ден аса адамнан жауап алынды.

Тергеудің қорытындысы бойынша жауапты тұлғалардың әрекеттеріне де құқықтық баға беріледі.

Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жеке бақылауында.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх