Спорт

Армрестлингтен әлем чемпионы атанған Павел Никифоров елге олжалы оралды

06 қараша, 21:5460
Фото авторы: Сұлтан Сейіт/Elorda Aqparat Фото авторы: Сұлтан Сейіт/Elorda Aqparat

Елордалықтар армрестлингтен әлем чемпионы атанған Павел Никифоровты әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

Чемпионның айтуынша, бұл – оның әлем чемпионатындағы алғашқы "алтыны". Былтыр Түркияда өткен чемпионатта Павел жалпы есепте бесінші орынды иеленген.

Фото авторы: Сұлтан Сейіт/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейіт/Elorda Aqparat

«Армрестлингпен 12 жасымнан бастап айналысамын. Әлем чемпионатында алып отырған бірінші "алтын" жүлдем осы. Қоржынымда Қазақстан чемпионатының, Азия чемпионатының "алтын" жүлделері бар. Былтыр армрестлинг бойынша әлем чемпионаты Түркияда өтті. Мен онда жалпы есепте 5 орынды иелендім», – деді Павел Никифоров. 

Армрестлер 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған. Финалда Ресей спортшысымен қол күрестіріп, қарсыласынан басым түскен. 

Фото авторы: Сұлтан Сейіт/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейіт/Elorda Aqparat

«Мен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қатыстым. Қарсыластарым әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылар болды. Менің салмағымда жалпы 12 армрестлер күш сынасты. Солардың алтауымен қол күрестірдім. Ақтық сында Ресей спортшысын жеңдім», – деді чемпион. 

Фото авторы: Сұлтан Сейіт/Elorda AqparatФото авторы: Сұлтан Сейіт/Elorda Aqparat

Естеріңізге салсақ, Румынияның Констанца қаласында өткен армрестлингтен әлем чемпионатында жерлестеріміз 134 медальды ел қоржынына салды. Оның 51-і – "алтын", 40-ы – "күміс" және 43-і – "қола" медаль.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх