Экономика

Apple компаниясы АҚШ-та қолжетімді баспана салу үшін 2,5 млрд доллар бөледі

06 қараша, 02:3761
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: Apple компаниясының ресми сайты Дереккөз: Apple компаниясының ресми сайты

Apple компаниясы 2 жыл ішінде АҚШ-тың Калифорния штатында қолжетімді баспана салуға 2,5 доллар бөледі, деп хабарлайды Елорда Инфо Apple компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Корпорация басшылығы Калифорниядағы үйлер мен пәтерлердің бағасының жылдам қарқынмен өсіп жатқанын айтқан. Apple сонымен қатар Сан-Хоседе тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін корпорацияға қарасты жер учаскелерін беру арқылы тағы 300 млн доллар жұмсамақ. Сол сияқты компания Сан-Францискодағы жаңа құрылыс жобаларына 150 млн доллар, үйсіздерге 50 млн доллар көмек көрсетпек.

Бұдан бөлек, Apple инвестиция құйып, қаржыландыру жасаған жағдайда қолжетімді баспана нысандарының құрылысын бастауға дайын жеке девелоперлер қарастыратын болады.

Bloomberg-тің мәліметінше, қаңтар айында Micuosoft Сиэетлдің шеткі ауданында жаңа үйлердің құрылысына 500 млн доллар аудару туралы хабарлаған. Одан кейін осыған ұқсас ұсыныспен Google мен Fasebook тарапынан да тұрғын үй құрылысына корпорацияның 1 млрд доллар аударатыны туралы айтылған.

Естеріңізге салсақ, Apple 1976 жылы құрылған. iPhone смартфоны мен iPad планшетін және MacBook ноутбугін, iMac компьютерін, iPod плеерін, Apple Watch ақылды сағатын және басқа да техникаларды шығарады. Apple-дің штаб-пәтері Купертинода (Калифорния штаты) орналасқан.

Тамыз айында компанияның нарықтық капиталы тұңғыш рет 1 трлн доллардан асып, кейін одан қайтадан төмендеп қалған.

Айта кетсек, компанияның бас директоры Тим Кук болса, брендтің құрылтайшыларының бірі Стив Джобс болды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх