• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

«Аниса-1» кешенінде 26 пәтер бірнеше адамға сатылған

12 тамыз, 08:51126
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі Алтай Көлгінов «Аниса-1» проблемалы деп танылған нысанның үлескерлерімен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындар 2015 жылдан бері өз пәтерлерінде тұрады, алайда сол уақыттан бастап үй құжаттарын ала алмай жүр.

«Бізде 157 үлескер бар. Бес жыл бойы осы үйде тұрамыз. Үй эксплуатацияға берілмегендіктен, біз үйге тіркеле алмаймыз. Демек, тіпті аудандық емханаға барып, қарала алмаймыз. Үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы бар, мемлекеттік сараптамадан өту керек. Бізде қосарланған сатудың 26 фактісі бар. Тұрғын үй кешенінің рентабельділігі үшін қатар ғимараттың жаңа блоктарын салуға арналған учаскелер бөлінген. Тұрғын үйде электр қуаты, суық су бар. Бірақ жылу автономды», - деді «Аниса-1» тұрғын үй кешенінің тұрғындары.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Үлескерлердің айтуынша, оларда қазір екі негізгі проблема бар. Біріншісі – үйді пайдалануға беру, екіншісі – орталық жылу жүйесіне қосу.

«Жаңа жоба бойынша үйдің бірнеше блоктары, жалпы саны 460 пәтер болады. Қазір бірінші блоктың құрылысы кезінде жіберілген ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде», - деді үйдің жаңа құрылысшысы.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй кешенінің құжаттарын реттеу керектігін атап өтті. Жұмыс әрбір проблемалық нысан бойынша жүргізіледі. Елордада олардың саны - 51. Проблемалық нысанның 12-сінде тұрғындар тұрып жатыр, олар бойынша пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх