Тұрғын үй алаптары

Алтай Көлгінов үлесті құрылыс нысаны «Комфорт de luxe» тұрғын үй кешенінің жұмыс барысымен танысты

16 қыркүйек, 21:51172
Автор: Elorda Aqparat
Фото Алтай Көлгіновтің Іnstagram парақшасынан Фото Алтай Көлгіновтің Іnstagram парақшасынан

Алтай Көлгінов үлесті құрылыс нысаны «Комфорт de luxe» тұрғын үй кешенінің жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы шаһар басшысы Іnstagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Қазіргі уақытта аталған тұрғын үй шатыры жабындысының жөндеу жұмыстары аяқталып, енді құрылысшылар терезе әйнектерін салып, пәтерлердің ішкі жақтарын жасауға кіріскен.
Сондай-ақ үйдің қасбетін орнату және инженерлік желілерінің жұмысы да жүріп жатыр. Тұрғын үй жылу жүйесін қабылдауға дайын болып қалған. Қала басшысы жауапты мамандарға жылу маусымы басталғанға дейін тұрғын үйге электр жарығы мен сумен қамту жүйелеріне қосуды тапсырды. 

Фото Алтай Көлгіновтің Іnstagram парақшасынанФото Алтай Көлгіновтің Іnstagram парақшасынан

Айта кетсек, «Комфорт de luxe» тұрғын үй кешені үлескерлерінің саны 200-ден асады.

Фото Алтай Көлгіновтің Іnstagram парақшасынанФото Алтай Көлгіновтің Іnstagram парақшасынан

Ал кешкісін қала әкімі «Шыгыс группа 5 кезегі 1» тұрғын үй кешенінің құрылыс нысанына барды. Бұл үй «Нұрлы жер» бағдаламасы бойынша «ЕКК» ЖШС-тің қатысуымен тұрғызылатын болады. Қазір бұл нысан аумағында құрылыс жұмыстары басталып та кеткен.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх