• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Астанада екінші индустриялық парк салынады - қала әкімі

05 қыркүйек, 16:3974
фото Елорда Инфо, Александр Куприенко фото Елорда Инфо, Александр Куприенко

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов кәсіпкерлермен кездесті. Жиында елорда басшысы бизнес саласындағы түйткілді мәселелерді тыңдап, шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елдегі және елордадағы шағын және орта бизнес дамуының жақсы көрсеткішпен дамып келе жатқанын атап өтті.

фото Елорда Инфо, Александр Куприенко фото Елорда Инфо, Александр Куприенко

«Атамекен» НҚА негізінде біз бүгін сіздермен алғаш рет кездесіп отырмыз. Біздің елде, сондай-ақ елордада шағын және орта бизнес жақсы дамып келеді, құрылымда жалпы өңірлік өнім (ЖІӨ) 58,8%-ды құрайды. Бұл жақсы көрсеткіш.Негізі мұндай кездесулер бізге салада қандай қиындықтар бар екенін білуге мүмкіндік береді», - деді әкім.

Оның айтуынша, ЖІӨ құрылымында 2024-2025 жылға қарай 40% көрсеткішке қол жеткізу міндеті қойылған. Бірақ елорда бұл көрсеткішті бағындырып үлгерген.

фото Елорда Инфо, Александр Куприенко фото Елорда Инфо, Александр Куприенко

«Бірақ қиындықтар туындауы мүмкін негізгі драйверлер бар. Сол кезде көрсеткіштің бәрі өзгеретін болады. Оны азайту үшін біз осылай кездесіп, бір-бірімізді тыңдауға тиіспіз. Біз барлық жағдайды жасап жатырмыз, бірақ бизнес өкілдері де жауапкершілік танытуы тиіс», - деп атап өтті қала басшысы.

Оның ішінде, әкім екінші индустриялық парктің құрылысы туралы хабарлады. Оның құрылысына 400 га астам жер бөлінді.

«Биыл біз барлық дайындық жұмысын, жобалау-сметалық құжаттаманы жасаймыз, ал келесі жылдан бастап инженерлік желілерді кезең-кезеңімен жүргіземіз. Сондықтан біз ұсыныстар күтеміз», - деді Алтай Көлгінов. 

Кездесуде әкімдікте такси бөлімін ашу туралы ұсыныс айтылды. 

«Көлік қауымдастығы такси автокөліктерін реттеу мәселесіне назар аударып отыр. Ол үшін әкімдіктегі такси бөлімін ашу ұсынылды, өйткені оны реттеу қазіргі цифрландыруға сәйкес келмейтін ескі әдістеме бойынша қалды. Сондай-ақ таксистерге тиісті бақылау мен қадағалау бір жолға қойылмаған», - деді Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Сүлейменов.

Әкім бұл ұсынысқа нақты жауап бермеді. Себебі, оған жауапты «Астана LRT» ЖШС бар. Ол қажетті ресурстары жеткілікті мәселелерімен айналысатын қоғамдық көлік. Бірақ такси мәселесін қарастыруға уәде берді. 

Өңірлік кеңестің мүшесі Абзал Сағымбаев құрылыс салушылар есебінен салынған инженерлік желілерді беруге қатысты сұрақ қойды. Өңірлік кеңес мүшесі құрылыс салушыларды өздері салған желілерді мемлекетке беруге міндеттеуге ұсыныс енгізді, өйткені одан әрі игеруде желілерді жүргізу үшін қосымша дәліздер беріледі. Сол арқылы олар бітеліп қалады, бұл да құрылыс мерзіміне әсер етеді. Кәсіпкерлер айтқан мәселелерге басқарма өкілдері жауап берді.

«Шынында да мұндай проблема бар. Өйткені құрылысшылар өз ақшасын желілерді салуға жұмсайды. Өз шығындарын өтеуге тырысады. Осы себепті олар ұзақ уақыт бойы экспорттаушы ұйымдардың балансына бермейді. Заң бойынша мұндай талаптар жоқ. Құқық олардың иелігінде қалады. Бұл ұсынысты бірлесіп пысықтап, шешу жолдарын ойластыру керек», - деді басқарма басшысы.

Әкім әрбір нысан бойынша «нақты» режимде бұл мәселе пысықталатынын атап өтті. Сондай-ақ, құрылыс салушылардың аукцион арқылы жалға берілген жер учаскелерін игеру мәселесі айтылды. Техникалық жағдайлардың болмауына байланысты құрылыс жүргізушілердің жерді игеруі қиынға соғады.

Әкім жергілікті атқарушы органдардың мұндай тәсілі дұрыс еместігін айтты. Себебі аукцион арқылы берілген учаске нысан салынғанға дейін қысқа мерзімге берілген болып саналады. Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер учаскелері басқармасы басшысының орынбасары Назымбек Кенжебаевтың айтуынша қазіргі таңда қала бойынша инженерлік желілерді енгізу бойынша кешенді жоспар әзірленуде.

«Қазір ол соңғы сатысында. Қаланың перспективалық дамуы қарастырылмаған, желі жоқ жерлерде олар саудалануға шығарылмайды, жер учаскелеріне құқық берілмейді», - деді Н.Кенжебаев.

Сондай-ақ, ол жалға берілген мерзім өткеннен кейін субъект әкімдікке жүгінетінін, аталған мәселе жер комиссиясына талқылауға шығарылғанын, бұл фактілер есепке алынатынын атап өтті.

фото Елорда Инфо, Александр Куприенко фото Елорда Инфо, Александр Куприенко

Кездесуде қала әкімі алыпсатарлықты сынады. Өйткені кейбір субъектілер оны қымбатырақ сату үшін арнайы учаскелерді игермейді.

«Біз бұл мәселені шешуге көмектесеміз, бірақ алыпсатарлықты жою керек. Сондай-ақ, Елбасы өз Жолдауында жер телімдерін игеруге назар аударды. Бос тұрған жер учаскелерінің мәселесі бойынша бізге жүгінетін инвесторлар бар. Олар инвестиция салғысы келеді, алайда 2-5 жыл аралығында учаскелерді игермеген меншік иелері анықталады. Біз «Атамекен» НҚА-мен бірлесіп жұмыс істеп, меншік иелерін тартатын боламыз. Игерілмеген учаскелерді мемлекеттік меншікке қайтарамыз және оларды игергісі келетін, жақсы жобасы бар, бірақ оны жүзеге асыра алмай жатқан кәсіпкерлерге береміз», - деді Алтай Көлгінов.

фото Елорда Инфо, Александр Куприенко фото Елорда Инфо, Александр Куприенко

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх