• USD 385
  • EUR 434

Жолдау-2019

Алтай Көлгінов: Бұл Жолдау – масылдықтан арылудың кілті

03 қыркүйек, 15:3181
фото Elorda Aqparat  Александр Куприенко фото Elorda Aqparat Александр Куприенко

Бүгін елорда әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылаған қала активінің отырысы өтті. Жиынды ашып, жүргізіп отырған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Жолдаудан шығып отырған маңызды міндеттерді жүзеге асыру бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қала әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыты етіп алған сабақтастық ұғымының мәнін тағы бір мәрте көрсеткенін, бұл Жолдау Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының заңды жалғасы екенін атап өтті.    

«Қазақстан Президенті негізгі басымдықты әлеуметтік саясатқа, кәсіпкерлікті дамытуға және халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға арнады. Жолдауда елімізбен қатар қаламыздың тұрақты дамуы, экономикалық өсімі, халықтың денсаулығы мен білімінің сапасы, руханияты мен мәдениетінің дамуы қамтылған», - деді А. Көлгінов.

Мемлекет басшысының ел экономикасын дамыту туралы бірқатар тапсырмаларына тоқталған қала әкімі Нұр-Сұлтан қаласы қазақстандық экономиканың локомотиві болып отырғанын атап өтті. Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалып отырғанын айтып, соның негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.  

«Алғашқы үш жылда микро және шағын бизнес субъектілері салықтан босатылатынын есепке алсақ, сондай-ақ, кәсіпкерлерді, олардың қатарындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды үш жылдық мерзім бойы тексеруге тыйым салынатынын ескерсек, бизнесті бастауға және кеңейтуге жақсы мүмкіндіктер бар. Кәсібін ашамын деген азаматтарға осы Жолдау зор мүмкіндік ашады. Себебі, мемлекет бизнеске қолдау көрсетіп, Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлетін болды. 3 жылға дейін салықтан босату туралы айтылды. Бұл – масылдықтан арылудың кілті әрі кәсіпкерліктің дамуына барынша жасалған жағдай. Нұр-Сұлтан қаласында 124,8 мың орта және шағын бизнес өкілдері қызмет етеді. Бұл көрсеткішті мемлекеттің қолдауы арқылы одан әрі арттыруымыз қажет», - деді Алтай Көлгінов.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх