Тұрғын үй алаптары

Алтай Көлгінов «Баспана-Көктал» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті

11 қыркүйек, 12:04180
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгілік аралау барысында «Баспана-Көктал» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдікке сілтеме жасап.

Үй төрт жыл бұрын проблемалық деп танылды. Өз пәтерлерін 500-ден астам адам күтуде. Әкім нысанға соңғы келген сәттен бері нысан құрылысы бекітіліп, үй сараптамадан өтті. Құрылыс салушының сөзі бойынша, үйді әрлеу бойынша ішкі жұмыстар көктемде басталады. Сонымен қатар инженерлік желілер жүргізіледі. 

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі А.Көлгінов тұрғын үй кешені құрылысының барысы үнемі қадағалауда болатынын атап өтті.

«Ең бастысы, мердігер анықталды. Мемлекет ақша бөлді. Тұрғын үй кешенінің құрылысын «Елорда құрылыс компаниясының» қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аяқтайтын боламыз. Суық түскенге дейін бірінші кезекте үйдің шатыры бойынша жұмыстарды аяқтау керек. Қолдарыңызда үйдің электр энергиясына, сумен жабдықтауға және су бұруға қосу құжаттары, сондай-ақ аумақты абаттандыру жобасы болуы тиіс», - деді А.Көлгінов.

Қалада барлығы 51 аяқталмаған нысан бар (76 үй). Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх