• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Алтай Көлгінов «Аниса» проблемалық тұрғын үй кешенін қайта аралады

09 қыркүйек, 09:4183
Автор: Elorda Aqparat

Қала әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгілік аралау кезінде «Аниса - 2/3» проблемалық тұрғын үй кешенін қайта аралады, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдікке сілтеме жасап.

Пәтер кілттерін тұрғындар 2015 жылы алуы керек еді. Үлескерлердің саны 180 адам. Үй құрылысын аяқтау 2020 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланып отыр.

Елорда әкімі «Аниса-2/3» ТК-ге барған сәттен бастап аумақта ғимараттың қасбеті, терезелер мен балкон сүйеніштерін орнату, үйдің шатырын жабу жұмыстары басталды. Үйдің жеке блоктарының қадалары 70%-ға соғылды. Құрылыс салушының айтуынша, аумақтың жобасы бар, бірақ канализация жүргізу жобасы жоқ. Қала әкімі А.Көлгінов құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау қажет екенін атап өтті.

Қалада барлығы 51 проблемалық нысан (76 үй) бар. Nur Otan және мәслихат депутаттары құрылыс барысын қадағалайтын болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх