• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Алтай ауданында жоғалып кеткен екі жасар бала әлі табылмай жатыр

19 тамыз, 11:4279
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылы туған бала үйінің ауласынан шығып кетіп, ізім-қайым жоғалған. Қазір балақайды кинологтар, еріктілер мен полицейлер іздеп жатыр. Бұл туралы Елорда Инфо YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

17 тамызда сағат 10.00 шамасында Алтай ауданының Средигорное ауылында 2017 жылы туған Әлихан Талғатов есімді бала жоғалып кетті.

Туыстарының айтуынша, бала үйдің ауласынан шығып кеткен. Оның үстінде жасыл түсті қысқа шалбар мен жеңсіз көйлек, аяғында көк түсті жазғы аяқ киім болыпты. Аяқ киімінің бір сыңары үйдің маңынан табылған.

Қазір полицейлер, кинологтар, еріктілер мен ауыл тұрғындары іздеу жұмысымен айналысып жатыр.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх