Өңірлер жаңалығы

Алматыда вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

07 қараша, 22:3743
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: QazaqstanTV Дереккөз: QazaqstanTV

Алматыда вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо QazaqstanTV-ға сілтеме жасап. 

Ескерткіш Республика сарайы маңындағы саябаққа қойылды. Мүсін композициясында композитордың орындықта шығармашылық ой үстінде отырған сәті бейнеленген. Биіктігі – 1,5 метр, ұзындығы – 2,8 метр. Оны бес мүсінші жасаған. Олардың сөзінше, тұғырға гранит тас қойылып, ескерткіштің материалы қоладан жасалған. 

«Шәмші ағамыз әндерімен әр шаңырақты ғана емес, бүкіл қазақ жерін тербетті. Ел тәуелсіздік алған соң Халық әртісі атағын алды. Ал бірақ халқы оған «Қазақ вальсінің королі» атағын әлдеқайда бұрын берген. Бұл – елдің, халықтың сүйспеншілігі», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев. 

Ескерткіштің ашылу салтанатына сонымен қатар композитордың жары Жәмила Қалдаяқова мен әнші Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева және ақын Мұхтар Шаханов қатысып, сазгер жайлы естеліктерімен бөлісті. 




Наверх