Өңірлер жаңалығы

Алматыда жер сілкінді

09 қазан, 09:3835
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы ММ сейсмикалық станциялар желісі 9 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат түнгі 03.49-да жер дүмпуін тіркеген, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласының шығысына қарай 140 шақырым жерде, Қазақстан аумағында тіркелген. Жер дүмпуінің шамасы Алматы қаласында - 2 балл, Саты ауылында - 3 балды құрады.

«Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы орган, прокуратура мен басқа да мекемелерге хабар берді», - деп көрсетті ведомство өкілдері.

Таратылған мәліметке қарағанда жер сілкінісінен ешқандай нысан мен гидротехникалық құрылыстар бұзылған жоқ. Сел қауіпі бар аймақтарда да жағдай тұрақты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх