• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Алматы облысындағы сел қаупіне қатысты ІІМ түсініктеме берді

14 тамыз, 12:55127
Фото rus.azattyq.org сайтынан Фото rus.azattyq.org сайтынан

Алматы облысындағы сел жүру қаупіне қатысты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қарғалы өзенінің қазіргі ахуалы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Ауа температурасының соңғы екі айда төмендемеуіне байланысты таңғы сағат 6:20-лар шамасында Қарғалы өзені бассейніндегі №1 мореналық көлдің суы босатылды. Секундына 5 текше метр жылдамдықпен жіберілгенде көлдегі су деңгейі 5 метрге төмендеді. Бастапқы есептеу бойынша 20 мың текше метр су ағызылған. Қазір алаңдауға негіз жоқ. Халықты әбігерге салмас үшін біз тек Қарғалы аңғарында орналасқан дыбыс зорайтқыштар арқылы хабарлама жібердік. Басқа аудан тұрғындарына мүлде қауіп жоқ», - деді Ю.Ильин баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзінше, қауіп аймағында 564 нысан орналасқан. Жалпы саны 1 864 адам тұрады.

«Қазіргі уақытта Қарғалы өзені бассейніндегі №1 мореналық көл суының төмендеуі байқалуда. Алдағы 1-1,5 сағат көлемінде Қарғалы плотинасындағы судың төмендеу пәрменін бақылауда ұстаймыз, тиісінше адамдарды жоспарсыз эвакуациялаудың қажеті болмайды. Бастысы, Қарғалы өзенінің Алғабас ауданындағы Рысқұлов даңғылының төменгі жағындағы жағдайды назарда ұстайтын боламыз», - деді ол.

Айта кетсек, оқиға орнына Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев болды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх